Жаңалықтар
Жел энергиясы: ЖЭС құрылысына аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы шығарылды
2024 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 24 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады.
2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымының 22.68-ден 12.99 теңге/кВтсағ дейін (ҚҚС-сыз) төмендеуі тіркелді.
Аукцион қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукцион бағасы 12.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Гиперборея бет» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаны Түркістан облысында орналастыру жоспарланған.
Аукционға бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және USAID өкілдері қатысты.
Айта кету керек, биылдың қорытындысы бойынша ЖЭК түрлеріне аукциондар өткізу Кестесіне сәйкес ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша сауда-саттық барысында 700 МВт қуат ойнатылды. Бәсекелік күрес барысында шекті баға бір кВт/сағ үшін 6.9 теңгеге дейін төмендетілді.
Жалпы белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 20 қарашасына жоспарланған.