Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

18 қараша, 2024
7
1 Фото

Солтүстік аймақ үшін ЖЭС: аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері

1 Фото

2024 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт  жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады.

Шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымының 22.68-ден 11.83 теңге/кВтсағ-қа дейін төмендеуі (ҚҚС-сыз) байқалды. ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық бағаның шекті аукциондық бағадан 47,8%-ға төмендеуі байқалды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық баға 11.83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Kaindy Energy» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, Азия даму банкі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.

 

«КОRЕМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы ретінде ұзақ үш сағатқа созылған аукционда сабырлылық пен шыдамдылық танытқан байқаушыларға шексіз алғысын білдіреді.