Жаңалықтар
2024 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 23 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады.
ҚР Энергетика министрлігі 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды. Аукциондық сауда-саттықта қатысушылар арасында бәсекелік күрес өткізу барысында өтінімдердің баға ауқымының 22.68-ден 12.33 теңге/кВтсағ-қа дейін төмендеуі (ҚҚС-сыз) байқалды.
Аукцион қорытындысы бойынша жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық баға 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) «Alpha wind» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығын» ЗТБ және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықтың бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 18 қарашасына жоспарланған.
Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/