Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

14 қараша, 2024
11
1 Фото

Гидроэнергетика бойынша аукцион: 20 МВт қуаты ойнатылды

1 Фото

2024 жылғы 14 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 20 МВт шағын гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 11 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 23.23 МВт құрады.

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттығын өткізу барысында бастапқы аукциондық баға 2024 жылы 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 38 теңге/кВт/сағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін құрады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:

  • «Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 38 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 39.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 40 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Смарт РеЭнерджи» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 40.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Electrical Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 41.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Turan Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.2 МВт, аукциондық бағасы 41.18 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ, USAID және АХҚО өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.

Айта кету керек, биыл жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондар өткізу Кестесіне сәйкес ГЭС құрылысына сауда-саттықта 400 МВт қуат ойнатылды. Бәсекелік күрес барысында шекті баға бір кВт/сағ үшін 8 теңгеге дейін төмендетілді.

 

ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 15 қарашасына жоспарланған.

 

Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:

Ресми сайтhttps://www.korem.kz/      

Telegram - https://t.me/aokorem     

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc   

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/