Жаңалықтар
ЖЭК бойынша аукциондар: шағын гидроэлектр станцияларының құрылысына жеңімпаздар анықталды
2024 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт шағын гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттықа 4 компания қатысты, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 37.9 МВт құрады.
Бастапқы аукциондық баға 41.23 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз) құрады және сауда-саттық барысында 10 теңге/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) төмендеді.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:
- «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 10 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 28.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Мырзашөл Құс» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 32.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Ажур» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «DALA SOLAR» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 34.81 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Сары Айғыр-Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 2.7 МВт, аукциондық бағасы 35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Көксу Қуат» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.2 МВт, аукциондық бағасы 35.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «ВЭС Толкын» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 0.5 МВт, аукциондық бағасы 40.5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттық Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және USAID байқаушыларының қатысуымен өтті.
Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/