Жаңалықтар
2024 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймақтары үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 200 МВт гидроэлектр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.
ҚР Энергетика министрлігі 2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.
Аукциондық сауда-саттықта қатысушылар арасында бәсекелік күрес өткізу барысында өтінімдердің баға ауқымының 41.23-тен 37 теңге/кВтсағ-ға дейін төмендеуі (ҚҚС-сыз) байқалды.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:
- «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Standard Hydropower» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.2 МВт, аукциондық бағасы 37.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «ADM Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондық бағасы 37.05 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Ескельдинская ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 23.2 МВт, аукциондық бағасы 37.3 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Калжыргидро» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 19 МВт, аукциондық бағасы 37.35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Жарық Энерго» Ұлттық энергетикалық компаниясы» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 37.4 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 37.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «ГЭС БОРОХУДЗИР» ЖШС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондық бағасы 37.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 37.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- «KOKSU HYDRO» ЖШС мен «Qamqor Energy» ЖШС арасындағы консорциум, жобаның белгіленген қуаты 53 МВт, аукциондық бағасы 41.21 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және «KOREM» АҚ-ның өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
Жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС құрылысына жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 12 қарашасына жоспарланған.
Аукцион нәтижелері туралы алғашқы жаңалықтар аукционды ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/