Жаңалықтар | Баспасөз орталығы | Аукционы ВИЭ

Жаңалықтар

20 қараша, 2024
57
1 Фото

БиоЭС құрылысы: ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері

1 Фото

2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша қорытынды аукциондық сауда-саттық өткізілді. 

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 12.4 МВт құрады. 

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бастапқы шекті аукциондық баға 32.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясының барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 32.23-тен 32.14 теңге/кВтсағ дейін (ҚҚС-сыз) тіркелді.   

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеуге белгіленген қуат көлемі 10-нан 11.9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:

 

  • «Eco Energy Plant» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 4.9 МВт, аукциондық бағасы 32.14 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Future M-Gas (FMG)» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 7 МВт, аукциондық бағасы 32.17 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкі және USAID өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу кестесіне сәйкес ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша жалпы белгіленген қуат 1 270 МВт құрады:

 

  • күн электр станциялары (КЭС) – 160 МВт;
  • жел электр станциялары (ЖЭС) – 700 МВт;
  • гидро электр станциялары (ГЭС) – 400 МВт;
  • биоэнергетикалық станциялар (БиоЭС) – 10 МВт.

2024 жылы бастапқы аукциондық бағалар мынадай болды:

  • КЭС – 34.61 теңге/кВтсағ;
  • ЖЭС – 22.68 теңге/кВтсағ;
  • ГЭС – 41.23 теңге/кВтсағ;
  • БиоЭС – 32.23 теңге/кВтсағ.

18 аукцион жоспарланған: 6 шағын жобалар, 12 ірі жобалар. Аукциондар әдеттегідей бақылаушылардың қатысуымен өтті.

2024 жылғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша аукцион бағасының максималды төмендеуі мынадай пайыздарды құрады:

  • КЭС – 58,91%;
  • ЖЭС – 69,6%;
  • ГЭС – 80,6%;
  • БиоЭС – 0,3%.

Бұл нәтижелер ЖЭК объектілерінің электр энергиясына бағаны төмендетудегі және нарықтық тарифтерді белгілеудегі аукциондық жүйенің тиімділігін растайды.

Биыл ЖЭК жаңа жобаларының құрылысына жоспарланған қуаттың барлық көлемі аукциондық сауда-саттықта сәтті бөлінгенін атап өту маңызды.