Cауда жүйесінде жұмыс жасауды үйрену
Сіздің компанияңыз аукциондық сауда-саттыққа қатысушы болуды шешті және сіздің алдыңызда сауда жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқыту міндеті тұр.
Сауда жүйесінің бағдарламалық қосымшаларымен жұмыс істеуді үйрену үшін сіз:
- аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысынан оқудан өтуіңізге;
- өз бетінше оқудан өтуіңізге болады.
Ұйымдастырушыдан оқудан өту
Ұйымдастырушыдан оқудан өту үшін сізге:
1. ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызмет көрсетуге ұйымдастырушымен шарт жасасу және оның қызметін төлеу;
2. 2021 жылға арналған оқыту кестесінен оқудың қолайлы уақыты мен өту күнін таңдау;
3. «КОREМ» АҚ нұсқауына жіберілетін кәсіпорын қызметкерлерінің тізімін және өтініш нысанын ұйымдастырушыға жіберу;
4. нұсқаулық өткізу бағдарламасымен танысу тиіс.
Оқуға жіберілетін қызметкер:
1) Аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидасын;
2) Аукциондық сауда-саттық өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулығын;
3) Пайдаланушының нұсқаулығын;
4) Бақылаушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысу регламентімен таныс болуы қажет.
Ұйымдастырушы оқытуды күндізгі нысанда (тікелей ұйымдастырушының кеңсесінде), сондай-ақ қашықтықтан (TeamViewer пайдалана отырып) ұйымдастыра алады.
Ұйымдастырушының аукциондық сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін 5 жұмыс күн бұрын күндізгі оқытуды өткізуді тоқтататындығына назар аударамыз. 2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың нұсқаулығын өткізу кестесімен мына жерден таныса аласыз.
Өз бетінше оқу
Сіз сауда жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмысты өз бетіңізше игеру үшін, сізге:
1. келесі құжаттарды біліп алу қажет:
1) Аукциондық сауда-саттықты өткізу қағидасы;
2) Аукциондық сауда-саттық өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулығы;
4) Бақылаушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысу регламенті.
2. Интерактивті оқудан өту https://vie.korem.kz/self/mop/index.html
Егер сізде сұрақтар қалса, бізге электрондық пошта арқылы хабарласыңыз немесе қызметкерлерімізге қоңырау шалыңыз:
Айтмагамбетов Нуркуат (7172) 649-180 (қазақ және орыс тілдері);