USAID | Біздің серіктестер | Инвесторға көмек | Аукционы ВИЭ

USAID

USAID «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ»

Таза электр қуатына көшуді жеделдету, энергия көздерін әртараптандыру және Орталық Азияда бәсекелес нарықтарын құру

USAID «Болашақ энергиясы» бағдарламасы Орталық Азияның барлық бес елінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту және энергия тиімділігін арттыру есебінен өңірдің тиімді, төмен көміртекті, электқауіпсіздігі, климаттық тұрақты экономикаға көшуін жеделдетеді.

Жаңартылатын және таратылған энергетикалық қорларды пайдалану ауқымын ұлғайту өңір елдерінің үкіметтерінен энергетикалық инфрақұрылымға, жергілікті нарықтардың дизайнына және бизнес-модельге өзгерістер енгізуді талап етеді. «Болашақ энергия» Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерімен, донорлармен және басқа да негізгі серіктестермен таза энергия мен электр энергиясының өңірлік саудасының дамуын бәсеңдететін институционалдық, техникалық және қаржылық кедергілерді жою бойынша тығыз ынтымақтастық жасайды. «Болашақ энергия» бағдарламасы әріптес елдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, олардың өздерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын бақылай алатындай және жаңартылатын энергетиканың жаңа қуаттарын енгізе алатындай нәтижеге бағытталған.

Орталық Азияның Өңірлік Электрэнергия Нарығын қолдау жөніндегі USAID жобасы (carem)

Өңірлік электр энергия нарығын құру және электр энергия саудасын ұлғайту үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейту

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азияның экономикалық өмірлік маңызы бар өңірлік электр энергиясы нарығын (CAREM) құруға көмек ретінде Орталық Азияның бес еліндегі әлеуеттің дамуына техникалық көмек көрсетеді және ықпал етеді. Осы жобаның шеңберінде USAID электр энергиясының сенімді және тұрақты өңірлік нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық тәртіптерді дайындау және институттарды қалыптастыру бойынша Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен, донорлармен және басқа да негізгі әріптестермен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Электр энергиясының интеграцияланған өңірлік нарығы Орталық Азияның барлық бес елінің және Оңтүстік Азияның көршілес елдерінің энергетикалық секторларына коммерциялық сауда мәмілелерін іске асыруға және инвестициялар тартуға ықпал ете отырып, қаражатты үнемдеуді қамтамасыз етеді, энергетикалық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты арттырады. Электр энергиясының өңірлік нарығы экономикалық және әлеуметтік дамудың үсті-үстіне өсуін қолдау үшін шығындарды азайта отырып, әрбір елдің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өңірдің барлық елдерінің ең қымбат емес электр энергиясын іске қосатын болады.

Орталық Азияда электр энергиясының өңірлік нарығын құру реформаларды, қағидаларды, нарық дизайны мен бизнес-модельдерді қабылдау кезінде институттарды нығайту үшін белсенді диалог пен ынтымақтастыққа қатысатын елдердің үкіметтерінен талап етеді. USAID Орталық Азияның бес елінің үкіметтерімен олардың келісімділігі мен электр энергиясының өңірлік нарығын құруға дайындығын қамтамасыз ету үшін сенімді жұмыс қатынастарын құру және қолдау үшін практикалық ұжымдық тәсілді қолданады.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭНЕРГЕТИКАСЫ

Орталық Азияда энергетикалық қауіпсіздікті, өңірлік өзара байланыстылықты арттыру және таза энергетикалық технологияларды енгізу.

Орталық Азия жаңартылатын энергия көздерінің бай әлеуетіне, энергия тиімділігін арттыру үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге, сондай-ақ энергетика саласындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту үшін негіздерге ие. USAID "Орталық Азия энергетикасы" жобасы Орталық Азияның бес еліне - Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға энергетикалық қауіпсіздік саласында олардың ұлттық және өңірлік басымдықтарына қол жеткізуге, сондай - ақ электр энергиясының өңірлік саудасынан экономикалық пайда алуға көмек көрсетеді. Жоба үш негізгі міндетті шешу үшін ұлттық үкіметтермен және энергетика саласындағы негізгі мүдделі тараптармен тығыз жұмыс істейді:

  • Ұлттық нарықты ырықтандыру реформалары
  • Таза энергия
  • Электр энергиясының аймақтық нарығы